«Ресей азаматтарына тоқталсақ, зейнетақы жарнасы түсіп жатқан адамдарды ғана жұмыс істейді деп санаймыз. Қазір 22 мың ресейлік зенетақы жарнасын аударып жатыр. Соның ішінде биылдың басынан бері 8 мыңға жуығы жұмысқа тұрған», - деді Т. Дүйсенова Үкімет отырысынан кейін тілшілер сауалына жауап бере отырып.
Оның айтуынша, 22 мың ресейліктің 72 % қызмет көрсету саласында жұмыс істеп жүр.
«Қалған 16 пайызы өнеркәсіпте болса, 9 пайызы құрылыста және 2 пайызы ауыл шаруашылығында қызмет етіп жүр. Осы орайда олар негізінен клиенттермен жұмыс істейтін менеджер, бухгалтер, сатушы сияқты жұмыстарды таңдаған», - министр.
Бұдан бұрын хабарланғандай, биыл 9 айда 654 мыңға жуық адам жұмысқа орналасты.