«GGG сыйға тартқан қазақтың ұлттық киімі», - деп жазды суретіне қоса Рой Джонс.
Аталмыш фото шамамен 2016 жылдың желтоқсан айында боксшы Қазақстанға келген кезде жасалған. Р. Джонстың сол шақтағы біздің елге келудегі мақсаты Қарағандыда өткен Ғалым Жарылғаповты еске алу турнирімен байланысты болған еді.
Еске салайық, кіші Рой Джонс Рудныйда(Қостанай облысы) өткен ведомстволық спартакиадаға өнеркәсіпшілдердің шақыртуымен құрметті қонақ ретінде келген.
Сондай-ақ, Р. Джонс жақында ғана Астанада болған еді. Танымал боксшы елордада бокстан Қазақстан құрамасының бапкерлерімен және спортшыларымен әңгімелесіп, пікір алмасты.