Зерттеуде аталып өткендей, I жартыжылдықта туристік ағын айтарлықтай артқан. Атап айтқанда, елден кеткен туристер саны 7,1%-ға артып, 5 миллион адамға дейін жеткен, ал келушілер саны 21,8%-ға, 4,2 млн адамға дейін өскен. Бұдан бөлек, ішкі туризм де дамып, туристер саны 7%-ға (2,4 млн адам) артқан.
Қонақүйлер, отельдер, кемпингтер мен басқа да орындар бірінші жартыжылдықта 2,3 миллион қонаққа қызмет көрсеткен. Бұл былтырғыдан 4,8% көп. Сонымен қатар, олардың қызмет көрсету көлемі 0,1% қысқарған.
Жартыжылдықтың қорытындысы бойынша, Қазақстанда отельдер мен қонақүйлердің саны 3,2 мыңға жетіп, өткен жылғыдан 10,8% көбейген. Сондай-ақ, ондағы орындар саны да 8,1%, 160 мыңға дейін артқан.
10:54, 09 Қазан 2018
Қазақстанға келген шетелдік туристер саны 21,8% өскен
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2018 жылдың қаңтар-шілде аралығында Қазақстанға келген шетелдік туристер саны 4,2 млн адамды құрап, былтырғыдан 21,8% өскен, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі energyprom.kz сайтына сілтеме жасап.