деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Кедендік бақылау комитетінің және USAID ұйымның ұйымдастыруымен өтіп жатқан семинарға халықаралық сарапшы, Дүниежүзілік кедендік ұйымының жетекші мамандарының бірі Алан Холл, бас баяндамашы ретінде шақырылды. Бұл семинарда кеден саласындағы ұлттық заңнаманың Киото конвенциясына сәйкестілігі талқыланады.
«Қазақстан үшін бұл семинар Қазақстан, Беларус, Ресей Федерациясы арасындағы ықпалдастық үдерістерін белсенді түрде күшейту қарсаңында өте өзекті болмақ. Оның үстіне кеден саласында ұлттық заңнамаларды халықаралық конвенциялармен имплементациялау міндеттемелері тұрғандығы тағы бар», дейді Кедендік бақылау комитеті төрағасының орынбасары Сержан Дүйсебаев.
USAID ұйымның кедендік реформалар бойынша Аймақтық жобасының бас сарапшысы Шолпан Досымханованың айтуынша, Қазақстанның Кедендік Кодексінде (2003) Киото конвенциясының өзгертілген жарлығындағы кедендік процедураларды реттеудің басты қағидаттары енген. «Бүгінгі күні Қазақстан Киото конвенциясында көрсетілген тауарларды және тұлғаларды рәсімдеу бойынша халықаралық тетіктерді толық қолдана алады», деп атап көрсетті ол.
Алан Холлдың атап көрсетуінше, елдің кедендік қызметі халықаралық деңгейде бәсекеге қабілетті болуы үшін әлемдік стандарттарды ескере отырып, өздерінің жұмыстарын тиімді атқаруы тиіс. «Дүниежүзілік кедендік ұйымының Киото конвенциясы кедендік процедураларды жеңілдету және халықаралық стандаттармен сәйкестендіруге бағытталған басты құжаттардың бірі. 2009 жылы конвенцияның жаңа өзгертулері жасалғаннан кейін Қазақстанға оның жарлықтарын дер уақытында енгізу қажет деп есептеймін», дейді А. Холл.
3 күнге созылатын семинар жұмысына Тәжікстан және Қырғыз елінің кедендік қызметтері де қатысуда.