«2018 жылдың 29 сәуірінен бастап ресейлік тасымалдаушы - «Сибирь» әуе компаниясы ұшу жиілігі аптасына екі рет болатын Мәскеу - Тараз және биылғы 1 маусымнан бастап аптасына екі рет орындалатын Мәскеу - Көкшетау бағыттарындағы жаңа тұрақты әуе рейстерін ашуды жоспарлап отыр. Рейстер Аэробус 319/320 типіндегі әуе кемесімен жүргізіледі», - деп жазды комитет әлеуметтік желідегі ресми парақшасында.
Сонымен бірге, аталған әуе компаниясы 2018 жылдың 30 мамырынан бастап, Новосібір - Павлодар бағытындағы тұрақты рейстер ашуды жоспарлап отыр. Бұл рейстер аптасына екі рет Аэробус 319/320 типіндегі әуе кемесімен жүргізіледі.