Қазақстанға Мәскеу және Бүкіл Русь Патриархы Кирилл жұмыс сапарымен келеді

АЛМАТЫ. Қаңтардың 16-сы. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - Бүгін Алматыға Мәскеу және Бүкіл Русь Патриархы Кирилл жұмыс сапарымен келеді,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жұмыс жоспары бойынша дінбасы Алматы әуежайынан Қасиетті Никольский соборына барып, осындағы діни шараға қатысады. Ертең Қасиетті Вознесенск кафедралды соборында болып, салтанатты діни оқу шарасын өткізеді. Ал кешкісін Абай атындағы опера және балет театрында жұртшылықпен кездесу өткізбек.

Мәскеу және Бүкіл Русь Патриархы Кирилл бұл қызметке өткен жылғы қаңтардың 27-і күні сайланған болатын. Ол 1946 жылы қарашаның 20-сы күні Ленинградта өмірге келген. Осындағы діни семинарияны, кейін Ленинградтағы діни академияны бітірген. Өмір бойы дін саласында қызмет атқарған.