Бұл туралы бүгін Астанада өткен баспасөз мәслихаты барысында ҚР Білім және ғылым министрлігі Орта білім департаментінің директоры Нұрғали Аршабеков мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Бүгінгі орта білім беру ошақтарының материалдық-техникалық, оқу-әдістемелік және кадрлық мәселелерін шешу қажеттігіне тоқталған А.Аршабеков: «Соңғы 2-3 жылдың ішінде 12 жылдық білім беру саласы бойынша 30 мың ұстаз қайта даярлаудан өтті. Осыған қарамастан, әлі күнге дейін бізде математика саласындағы мұғалімдердің тапшылығы 1,5 мың маманды құрап отыр», - деді Н.Аршабеков.