Бүгін ҚР Парламенті Сенатында «Қазақстан Республикасындағы әкімшілік әділеттің қалыптасу мәселесі» атты тақырыпқа өткен халықаралық конференция барысында Палата Төрағасының орынбасары Мұхамбет Көпеев осылай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Әкімшілік әділет айыпты тұлғаларды әкімшілік жауапқа тарту секілді сот өндірісін атқарып қана қоймауы тиіс. Қазақстанға мемлекет пен жеке тұлғалар арасындағы дауларды сот арқылы шешетін сапалы жаңа модель керек. Бұл бағытта, яғни әкімшілік әділетті қалыптастырудың алғашқы сатысында әкімшілік әділеттің барлық саласын реттейтін нормативтік құқықтық актілерді әзірлеп қабылдау қажет. Осы мақсатта Үкімет арнайы заң жобаларын әзірледі. Жаңа жобада әкімшілік құқықты кеңейту мен оның жаңа қоғамдық қатынастағы әлеуетін арттыру шаралары көзделген»,- деді М. Көпеев.
Оның айтуынша, әкімшілік құқық адам құқығын қамтамасыз етуге қызмет етіп, бұқаралық әкімшілендіруді ретке келтіруі тиіс.