«Қазақстанға білім алуға келетін ауған жастарына қандай талаптар қойылады? Олардың арасында радикалды студенттер болмай ма?», - деп сұрақ қойды тілшілер ҚР СІМ-нің апталық брифингінде.
«Ауған студенттері бізде бірнеше жылдан бері оқып келеді. Біздің тарапымыздан арнайы бағдарламалар бойынша ЖОО-лар білім береді. Ал оның шығындарын Еуропалық одақ төлейтін. Толығымен еуропалық бағдарламамен оқытылады. Студенттер мұнда жіберілмес бұрын тексеруден өтеді, виза құжаттарын тапсырады. Сондықтан, олардан қорқу –негізсіз. Бұл – білім алғысы келетін қарапайым студенттер», - деп жауап берді Айбек Смадияров