Қазақстанға өткен тәулікте 4 980 авиажолаушы келді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2021 жылдың 29 мамырында Қазақстан Республикасының аумағына Германия, Катар, БАӘ, Египет, Армения, Тәжікстан, Түркия, Грузия, Украина, Беларусь Республикасы, Ресей Федерациясы, Өзбекстан және Қырғызстаннан 35 халықаралық әуе рейсі келді, деп хабарлайды Санитариялық - эпидемиологиялық бақылау комитеті.

Өткен тәулікте 4 980 авиажолаушы келді. Оның ішінде:
Алматы қаласының әуежайына – 18 рейс, 3 020 жолаушы;
Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 9 рейс, 1 144 жолаушы;
Шымкент қаласының әуежайына – 2 рейс, 298 жолаушы;
Ақтау қаласының әуежайына – 3 рейс, 193 жолаушы;
Қарағанды қаласының әуежайына – 1 рейс, 0 жолаушы;
Ақтөбе қаласының әуежайына – 1 рейс, 195 жолаушы;
Түркістан қаласының әуежайына – 1 рейс, 130 жолаушы.
Барлық жолаушылар COVID-19-ға ПТР тестілеу туралы анықтамамен келген.