Гүлшара Әбдіқалықова ЭКСПО-2017 аясында Қазақстанға келген поляк делегациясына алғысын білдіріп, екі елдің арасында саяси-экономикалық байланыстардың ойдағыдай нығайып келе жатқанын жеткізді.
«Былтыр Қазақстан басшысы Польшаға ресми сапармен барып келген. Ол сапар өте тиімді болды. Енді, ағымдағы жылы қыркүйек айында біз Польша президенті - Дуда мырзаны. Ол сапар да маңызды оқиға болады», - деді Әбдіқалықова.
Мемлекеттік хатшы экономика саласындағы, сондай-ақ мәдени-гуманитарлық бағыттағы шараларға тоқталып, Польшада 700-ден астам қазақстандық жастардың білім алып жатқанын тілге тиек етті. Астана мен Варшава арасынадағы тікелей әуе рейсінің ашылуы да екіжақты байланыстардың нығая түсуіне өз ықпалын тигізуі керек.
«Бұдан бөлек, Польшаны 2018-2019 жылдарға БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшесі ретінде сайлануымен құттықтаймыз. Біз аталған міндетті 2017-2018 жылдарға мойнымызға алдық. Осы ұйымның аясында тығыз жұмыс жасаймыз деп сенеміз. Сондай-ақ, Польша парламентінің Қазақстан мен Еуропа арасындағы кеңейтілген әріптестік туралы келісімді ратификациялағаны үшін ерекше алғысымызды айтамыз. Польша жағы аталған құжатты бірден рәсімдеді», -деп атап көрсетті Мемлекеттік хатшы.
12:35, 15 Маусым 2017
Қазақстанға Польша президенті келеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықова Польша парламенті төрағасының орынбасары Мария Коц бастаған делегациямен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.