Қазақстанға ПТР анықтамасы бар 614 жолаушы ұшып келді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Авиажолаушылардың 86%-дан астамы Қазақстанға ПТР-анықтамаларымен келген, деп хабарлайды Ведомствоаралық комиссияның баспасөз қызметі.

2020 жылдың 28 желтоқсанында Қазақстан Республикасының аумағына Түркия, БАӘ, РФ, Беларусь Республикасы және Әзербайжаннан 8 халықаралық әуе рейсі келді.

614 әуе жолаушысының ішінде ПТР-тестісі бар (сау екені көрсетілген) 531 адам, анықтамасыз 83 ҚР азаматы келді.

Оның ішінде:

Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 4 рейс, 184 жолаушы, анықтамамен - 154; анықтамасыз - 30;

Алматы қаласының әуежайына – 2 рейс, 287 жолаушы, анықтамамен - 239, анықтамасыз - 48;

Ақтау қаласының әуежайына – 2 рейс, 143 жолаушы, анықтамамен - 138, анықтамасыз - 5.

Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде.