Қазақстанға ресми сапармен Болгария Президенті Румен Радев келе жатыр

Фото: Ақорда

АСТАНА. KAZINFORM - 8-9 маусым күндері Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Болгария Президенті Румен Радев елімізге ресми сапармен келеді.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

- Жоғары деңгейде өтетін келіссөздер барысында қазақ-болгар сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастығының перспективасы талқыланады, - делінген хабарламада.

Осыған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Ли Чжэ Мёңді Корея Республикасының Президенті болып сайлануымен құттықтаған болатын.