Қазақстанға сапар оңай болған жоқ: Мбаппе ұшақта түсірілген суретке пікір білдірді

АСТАНА.KAZINFORM - Мадридтік «Реал» мен Франция құрамасының шабуылшысы, әлем чемпионатының жеңімпазы Килиан Мбаппе Чемпиондар лигасы аясындағы «Қайратқа» қарсы матчқа – Алматыға сапары туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Kazinform тілшісі.

Фото: instagram.com/ardaguler

Мбаппенің Алматыға сапары туралы күтпеген жерден пікір білдіруіне оның түрік әріптесі Арда Гюлердің Instagram желісіне жүктеген фотосы түрткі болды. Сурет мадридтік «Реал» мінген Iberia ұшағында түсірілген. Онда шалқасынан жатқан Арда селфиге түскен. Артқы жағында қатты ұйықтап жатқан Мбаппе көрінеді.

Килиан өзінің күтпеген суретіне пікір қалдырған.

- Қазақстанға сапар оңай болған жоқ, бауырым, - деп жазды Килиан Мбаппе.

Естеріңізге сала кетейік, Мбаппе Алматыда өткен «Қайрат» – «Реал» кездесуінде матчтың үздік ойыншысы атанды. Шерхан Қалмырзаның қақпасына үш гол соғып, кейін мәлімдеме жасады. Матч 5:0 есебімен Реалдың пайдасына аяқталды.