Қазақстанға шетелден 23 мамыр күні келген жолаушылардың барлығында анықтама болған

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанға 2021 жылдың 23 мамырында Германия, БАӘ, Мысыр, Түркия, Грузия, Украина, Иордания, Тәжікстан, Ресей Федерациясы, Өзбекстан және Қырғызстаннан 25 халықаралық әуе рейсі келді.

ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия таратқан мәліметтерге қарағанда, ө ткен тәулікте 3 297 авиажолаушы келді.

Оның ішінде:

Алматы қаласының әуежайына – 12 рейс, 2 046 жолаушы;

Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 9 рейс, 891 жолаушы;

Шымкент қаласының әуежайына – 2 рейс, 244 жолаушы;

Атырау қаласының әуежайына – 1 рейс, 111 жолаушы;

Семей қаласының әуежайына – 1 рейс, 5 жолаушы.

Барлық жолаушылар COVID-19-ға ПТР тестілеу туралы анықтамамен келген.