Бұл туралы бүгін ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Мүслім Өмірияев мәлім етті.
Оның айтуынша, ЕЭК 2013 жылы ақпанның 25-сінен бастап Кедендік одақ аясында астық комбайндарының импортына алдын ала баж салығын енгізіп, оны шілденің 5-сіне дейін ұстауға шешім қабылдаған. Енді, қазіргі 5 пайыздық салықпен қоса, 27,5 пайыз көлеміндегі импорттық бажды төлеуге тура келеді. «Демек, Кедендік одаққа жеткізілетін шетелдік комбайндардың баж салығы 32,5 пайызды құрайтын болады. Бұл жағдай Қазақстандағы ауыл шаруашылығы өнім өндірушілеріне кері әсер тигізбес үшін министрлік Еуразиялық экономикалық кеңістіктің арнайы комиссиясына хат жазып, Қазақстанға шетелден жеткізілетін астық комбайндарына арнайы квота беруді сұрады. Квотада 200 комбайн көрсетілген. Бұл - біздің бір жылда сатып алатын шетелдік комбайндардың орташа көлемі», - дейді М.Өмірияев.