Ведомствоның ақпаратына қарағанда, топ мүшелері Омбы облысының аумағынан Қазақстанға Ресейдің Қызыл кітабына енгізілген аса бағалы сұңқар тектес (ақсұңқар, ителгі) құстарды тасымалдаған, деп хабарлайды РИА Новости.
«Қылмыстық топ мүшелері 2016 жылдың 3 қарашасынан 2016 жылдың 6 желтоқсанына дейінгі аралықта Таяу Шығыс елдеріне құстарды 500 мың доллардан астам сомаға сату арқылы пайда табу мақсатымен 13 ақсұңқар мен ителгіні контрабандалық жолмен тасымалдаған. Құстар тасымалы Ресей-Қазақстан шекарасының қиылысына дейін автокөлік жүргізушілерінің қатысуымен жүзеге асырылған», - делінген хабарламада.