Қазақстанға тағы бір олимпиадалық лицензия қосылды

АСТАНА. Ақпанның 5-і. ҚазАқпарат - Халықаралық олимпиада комитетінің және Канада Ұлттық Олимпиада комитетінің соңғы жарияланған тізіміне сай Қазақстанға 40 лицензия берілді,

деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі.

Бүгін құрама команданың жалпы тізіміне Радик Жапаров (трамплиннен шаңғымен секіру) және Наталья Рыбакова (конькимен жүгіру спорты) қосылды.

Ванкувердегі Олимпиада ойындары ақпанның 12-сінде басталатынын естеріңізге саламыз.