Қазақстанға танымал швейцарлық теннисші Мартина Хингис келеді

АСТАНА. 27 қыркүйек. ҚазАқпарат - Қазақстан Теннис федерациясы елімізде балалар теннисін танымал ету әрі дамыту мақсатында 1-2 қазан күндері швейцарлық теннисші Мартина Хингистің сапарын ұйымдастырады.

Федерация баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, әлемдік санаттағы теннисші Астана мен Алматы қалаларында болып, шеберлік сабақтарын өткізеді. Сондай-ақ арнайы ұйымдастырылған баспасөз мәслихатына қатысып, жанкүйерлеріне қолтаңба беретін болады.

1980 жылы дүниеге келген Мартина Хингис 1997, 1999 және 2000 жылдары әлемнің бірінші ракеткасы болған. Жеке разрядта Үлкен дулыға турнирлерінің 5 дүркін жеңімпазы. Ол жарақатына байланысты 2007 жылы спорттық мансабын тәмамдаған болатын.