Фитосанитарлық бақылау барысында Өзбекстан Республикасының Ташкент облысынан Қазақстан аумағына карантиндік нысан — арамсояумен залалданған 5100-ден астам шырайгүл гүлі әкелінгені белгілі болды.
— Қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес өнімді кері қайтару туралы акт рәсімделіп, залалданған гүлдер кері қайтарылды, — делінген хабарламада.
Қабылданып жатқан шаралар ел аумағына карантиндік зиянды организмдердің жеткізілуі мен таралуының алдын алуға, фитосанитарлық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғауға бағытталған.
Еске сала кетейік, бұған дейін СҚО-да Ресейден әкелінген тақтайдан қауіпті карантиндік зиянкес табылған болатын.