Қазақстанға тәуелсіздік жылдарынан бері Өзбекстаннан 514 мың оралман келген

ТАНА. 11 қазан. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Қазақстанға тәуелсіздік жылдарынан бері келген оралмандардың ең көбі Өзбекстаннан болып отыр.

Бұлардың саны 514 мың адамды құрайды. Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінде «Нұр Отан» ХДП Фракциясы жанындағы Әлеуметтік кеңестің отырысы барысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Серік Ахметов осылай мәлім етті. Естеріңізге сала кетейік, жиын «Мемлекеттің оралмандарға қызмет түрлеріне қол жеткізуді қамтамасыз ету саласындағы әлеуметтік саясаты» тақырыбында өткен болатын.

Вице-министрдің айтуынша, тәуелсіздік жылдарынан бері Қазақстанға келіп жатқан этникалық қазақтардың негізгі бөлігін үш мемлекет құрайды. Бұлар : Өзбекстан - келушілер саны - 514 мың адам, Моңғолия - 114 мың және Қытай - 95 мың адам. «Қазақстанға тұрақты тұруға келіп жатқан оралмандардың басым бөлігі өздері шыққан елдерге жақын өңірлерге орналасқысы келеді. Мәселен, Ресейден келгендер солтүстік өңірлерге, Өзбекстаннан оралғандар - оңтүстікке, Моңғолиядан келгендер Шығыс Қазақстанға қоныстанады», - дейді С. Ахметов.