«МӨЗ құрылысы айтарлықтай ұзақ мерзімді процесс. Сонымен қатар қымбат әрі мұқият есептеуді қажет етеді. Зауыт құрылысын негіздеуде біздің экономиканың өсімі, халық санының өсуі, экспорт әлеуеті секілді көптеген факторларды ескеруге тиіспіз. Егер бүгінде, екі зауытты қайта қалпына келтіру аяқталған соң өзімізді бензинмен қамтамасыз етіп жатырмыз. Бірақ үнемі бұлай жалғаса бермейді. Сұраныс арта түседі», - дейді М. Мырзағалиев.
«Сонымен қатар жаңа зауыт қуаты туралы сұрақтарға жауап іздеп жатырмыз. Ол ресурстарға жақын маңда орналаса ма, әлде сұраныс көп жерге салу қажет пе - осы мәселелерді қарастырып жатырмыз», - деді вице-министр.
Фото: kmg.kz