Қазақстанға Украина Сыртқы істер министрі сапармен келеді

None
АСТАНА. 13 қазан. ҚазАқпарат - 13-15 қазан күндері Астанаға Украинаның Сыртқы істер министрі - Еуропадағы қауіпсіздік және әріптестік ұйымының іс басындағы төрағасы Леонид Кожара сапармен келеді. Бұл туралы Қазақстан орталық коммуникациялар қызметі хабарлады.

Сапар барысында ол Қазақстан Парламенті Сенатының төрағасы Қайрат Мәмимен және Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысовпен кездеседі деп жоспарланған. Кездесу барысында қазақстан-украиндік әріптестік мәселелері және халықаралық күн тәртібіндегі сұрақтар қаралады.

Сонымен қатар, Леонид Кожара Қазақстан Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында лекция оқиды деп күтіліп отыр.

«Жалпы, Қазақстан мен Украина өзара әріптестікті жан-жақты дамытып отырған елдер. Украина Қазақстанның ТМД елдері арасындағы сауда-саттық жағынан екінші ірі серіктесі болып табылады. Сондай-ақ, украин диаспорасы ҚХА жүйесінде еліміздің қоғамдық, әлеуметтік-экономикалық өміріне белсене араласады», - делінген хабарламада.