5 176 әуе жолаушыларының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 5 133 адам, анықтамасыз 43 ҚР азаматтары келді.
Оның ішінде:
Алматы қаласының әуежайына – 22 рейс, 2 813 жолаушы, анықтамамен - 2 781, анықтамасыз - 32;
Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 7 рейс, 727 жолаушы, анықтамамен - 716; анықтамасыз - 11;
Шымкент қаласының әуежайына – 9 рейс, барлық 1 115 жолаушы анықтамамен келген;
Ақтау қаласының әуежайына – 3 рейс, барлық 471 жолаушы анықтамамен келген;
Орал қаласының әуежайына – 1 рейс, барлық 50 жолаушы анықтамамен келген.
Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде.
2021 жылдың 23 наурызында шетелден анықтамасыз келген 32 ҚР азаматының ПТР-талдау нәтижелері бойынша екі жолаушыдан коронавирустық инфекция анықталды. Оның ішінде бір жолаушы Стамбул – Алматы рейсімен, екінші жолаушы Киев – Нұр-Сұлтан рейсімен келген.