Қазақстанға ұшып келген жолаушылардың барлығында ПТР-анықтама бар

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 27 сәуірде Қазақстан Республикасының аумағына Германия, Ұлыбритания, Мальдив Республикасы, БАӘ, Мысыр, Түркия, Оңтүстік Корея, Украина, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан және Қырғызстаннан 25 халықаралық әуе рейсі ұшып келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінен мәлім еткендей, өткен бір тәулікте елімізге 3 244 авиажолаушы келді. Олардың барлығында коронавирусқа ПТР тестілеу туралы анықтама болған.

Оның ішінде:

- Алматы қаласының әуежайына – 12 рейс, 1 813 жолаушы;

- Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 8 рейс, 735 жолаушы;

- Шымкент қаласының әуежайына – 4 рейс, 548 жолаушы;

- Ақтау қаласының әуежайына – 1 рейс, 148 жолаушы.

27 сәуір күні 10 елден 4179 адам ұшып келген болатын. Барлығында коронавирусқа ПТР-анықтама болды.

Еске салайық, міндетті ПТР-тестілеу бағасы шетелге шығатын қазақстандықтардың турпакет құнына енгізілді.

Себебі шетелде демалып келген қазақстандықтардың 80 пайынан коронавирус анықталған болатын.

Осыған орай, ПТР-анықтамасы жоқ туристерді Қазақстанға кіргізбеу шешімі қабылданды.