Қазақстанға Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің Бас хатшысы келеді

Фото: Фото: Kazinform

АСТАНА.KAZINFORM  - Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 5-7 мамыр күндері Қазақстанға Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің Бас хатшысы То Лам мемлекеттік сапармен келеді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Жоғары деңгейдегі келіссөздер барысында сауда-экономикалық, инвестициялық және гуманитарлық салалардағы қазақ-вьетнам ынтымақтастығын дамыту перспективасы талқыланады.

7 мамыр күні Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің Бас хатшысы Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай Астанада өтетін әскери парадты тамашалайды.

Бұған дейін жазғанымыздай, Қасым-Жомарт Тоқаев Люксембург Премьер-министрімен телефон арқылы сөйлесті.