Гродно аймақтық кедені облыстық атқару комитеті ІІБ экономикалық қылмыспен күрес басқармасымен бірлесіп жеміс-көкөніс өнімдерін заңсыз тасымалдаудың 97 фактісін ашты. Жеке кәсіпкер заң талаптарын бұзып, Қазақстанға алма жеткізіп келген.
Аталған фактілер бойынша әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттама толтырылып, сотқа жіберілді. Гродноның экономикалық соты жеке кәсіпкерге тапқан пайдасын тәркілеумен қатар, 8 млрд-тан астам беларуьс рублі (Br) көлемінде айыппұл салды.