"Мемлекеттік кірістер және техникалық реттеу және метрология органдарының өзара іс қимылы барысында «Нұр жолы» кеден бекетінде Алматы облыстық мемлекеттік кірістер департаменті сәйкестігін бағалау туралы жалған құжатпен, сондай-ақ ЕУРО-5 экология санатына сәйкес келмейтін Қытай Халық Республикасында шығарылған 39 автомобиль құралдарын әкелу фактісінің жолын кесті", - делінген ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті таратқан ақпаратта.
Ведомство мәліметінше, аталған факті бойынша ҚР ҚК 234-бабымен Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы көрінеу дұрыс емес декларациялаумен, оның ішінде жарамсыз, құжаттардың және көрінеу анық емес (жалған) мәліметтерді қамтитын құжаттар ұсынумен ұштасқан алдау арқылы тауарларды өткізу бөлігінде, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің «Экономикалық контрабанда» 234-бабының қолданысына ұшырайтын құқық бұзушылық қарастырылады.
Қазіргі уақытта жоғарыда көрсетілген фактілер бойынша Алматы облыстық экономикалық тергеу департаменті тексеру іс-шараларын жүргізіп жатыр.