Астанада: күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде -4…-6°C, күндіз 7… 9°C.
Алматыда: күн ала бұлтты, жаңбыр жауады. Жел 3-8 м/с, екпіні 13 м/с-қа дейін. Ауа температурасы түнде 4… 6°C, күндіз 11… 13°C.
Шымкентте: күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 5-10 м/с. Ауа температурасы түнде 6… 8°C, күндіз 16… 18°C.
Айта кетейік, бұған дейін бүгін Қазақстанның бірқатар өңірінде ауа райы құбылмалы болатынын жаздық. Кей жерлерде нөсер жаңбыр жауып, тұман түседі, найзағай ойнап, желдің екпіні 28 м/с-қа дейін жетеді. Солтүстік өңірлерде көктайғақ пен үсік болуы мүмкін. Сонымен қатар елдің бірнеше облысында жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады.