«Экономика үшін «жасыл» дамуға түспеу біртіндеп тұралаумен бірдей. Яғни, біз әдеттегі сценариймен жүріп, бағытымызды өзгеріссіз ұстасақ, онда 60-70 жылдан кейін тығырыққа тірелеміз, біздің экономикалық дамуымыз ілгерілемейді. Қазіргі күні біз бұрынғы кеңестен келе жатқан экономиканың «қоңыр» моделіне арқа сүйеп келеміз. Дегенмен, экономиканың басқа бағытын қайта қарап, «жасыл» рельске түсу біздің келешегіміз үшін жасалған оң қадам болмақ», - деді Нұрлан Қаппаров.
Министрдің айтуынша, экономиканың дұрыс бағытта өрбуі үшін ондағы үнемдеушілік ресурстары да, инновациялық технологиясы да заманауи деңгейде қолға алуды қажет етеді.
Еске сала кетейік, аталған шара Америкалық экономикалық саясат жөніндегі сауда палатасының ұйымдастыруымен өтті.