Төраға орынбасарының айтуынша, техникалық реттеу нормаларын қолдану тұрғысынан Қазақстан Кеден одағы аясындағы әріптестерінен кейін қалып отыр.
«Яғни, Қазақстан өз рыногын қорғау үшін техникалық реттеу нормаларын жеткілікті қолданбай отыр деген сөз. Бұл ретте жұмыртқа өнімдеріне қатысты мысалды алға тартуға болады. Қазақстандық жұмыртқа өндірушілердің бағалауынша, жылына елімізге 1 миллиард данаға дейін жұмыртқа импортталады. Бұлар негізінен контрабандалық жолмен Ресейден келеді, оларға қосылған құн салығы да салынбайды. Нәтижесінде бұндай адал емес бәсекелестік қазақстандық өндірушілерге залал келтіруде», - дейді Рақым Ошабаев.
Оның айтуынша, бұндай контрабандалық жолмен келген өнімдердің сапасы да сын көтермейді.
«Сондықтан да біз уәкілетті органмен бірлесе отырып, өз рыногымызды контрабандалық жолмен келетін маркерленбеген жұмыртқалардан қорғауымыз керек. Дегенмен, қазір Кеден одағының аясындағы азық-түлік өнімдерін маркерлеуге қатысты техникалық регламенттері бар. Алайда, онда жұмыртқа өнімдерін маркерлеуге қатысты бірыңғай талаптар қамтылмаған. Сондықтан да, біз ұлттық техникалық регламентке өзгертулер енгізіп, маркерлеуге қатысты міндетті талаптар енгізгіміз келеді. Осылайша, келесі жылдан бастап біз жұмыртқа өнімдерінің айналымын белсенді әрі қатаң қадағалап, рыноктан маркерленбеген өнімді ысырып шыға аламыз», - деді Р.Ошақбаев.