Елші бірінші болып зауыттың мамандандырылған мұражайына ат басын бұрды. Экскурсия жүргізген «Баларус автокөлік зауыты» ААҚ бас директоры Петр Пархомчик «БелАЗ» әлемдік нарықтың 30-дан астам пайызына ие екендігін атап өтіп, автокөліктерді жеткізудің географиясы туралы айтты, сонымен қатар жиналғандарды кәсіпорынның даму барысы және құрылуы жайлы хабардар етті.
«ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімовтің Беларус еліне жасаған соңғы сапары кезінде Беларус Премьер-министрі Михаил Мясниковичпен болған кездесу барысында тараптар елдеріміз арасындағы ынтымақтастықтың қарқынды дамуы мен оң нәтижелерін, соның ішінде Қазақстанға БелАЗ техникасын жеткізу бойынша бірлескен жұмыстарды, Қазақстанның 2010-2014 жылдарға арналған Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасына кіретін жобаларды атап өткен болатын», - дейді А.Смирнов.
Өз кезегінде Петр Пархомчик кәсіпорын жетістіктері мен сатудың жаңа нарықтарын игеру мәселесіне қысқаша тоқтала отырып, Қазақстанмен арадағы ынтымақтастық Беларус тарапы үшін басым бағыттардың бірі болып табылады деген ойын жеткізді. «Ағымдағы жылы Қазақстанмен орнатқан екіжақты ынтымақтастық аясында бірінші 220 тонналық көлік кетті. (180-220 тонна жүк көтере алатын БелАЗ өздігенен жүк түсіретін 7530 көлігі). Осыған дейін біз бұндай машиналарды жеткізбеген едік», - деді П.Пархомчик.
Сонымен қатар Қазақстан елшісі жиналған қауымды Қазақстандағы қазіргі саяси және әлеуметтік-экономикалық жағдай туралы хабардар етіп, 3 сәуір күні өтетін Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауына да тоқталып өтті.