«Ең алдымен Пәкістан терроризм мен экстремизмнің кез келген көрінісін қатаң айыптайды. Бұл тұрғыда біздің ұстанымымыз Қазақстанмен ұқсас және екі елдің арасындағы еіжақты ынтымақтастық рет-ретімен дамып келеді. Біз Ауғанстандағы тұрақтылықты сақтау бүкіл өңірдік қауіпсіздігі үшін барынша маңызды деп санаймыз. Бұл бағыттағы Қазақстан басшылығының күш-жігерін оң бағалаймыз», - деді Техмина Джанджуа.
Оның пайымынша, біздің елдеріміздің бірлескен амалдары мен бітімгершілік күш-жігері көрші елдегі қауіпсіздік проблемаларын шешуге септігін тигізетін болады.
«Шанхай ынтымақтастық ұйымы аясындағы лаңкестікке қарсы саладағы қазақстандық-пәкістандық ынтымақтастықты да атап өткім келеді», - деп жалғады сөзін Пәкістан СІМ-нің мемлекеттік хатшысы.