«Біз Қазақстанмен және Орталық Азия мемлекеттерімен үлкен, барынша тығыз серіктестікті қалаймыз. Президент Тоқаевпен елдеріңіздегі ахуалды ашық әрі барынша жан-жақты талқыға салдық. Қазақстан Германия Федеративті Республикасы үшін саясат, мәдениет, сонымен қатар экономика салаларында ортаазиялық өңірдегі басты серіктес саналады. Таяу жылдары қарым-қатынасты одан ары нығайта түскіміз келеді», - деді Германия Президенті.
Сонымен қатар Франк-Вальтер Штайнмайер Қазақстан Германияның өңірдегі маңызды серіктесі екендігін баса айтты.
«Германияның Орталық Азия елдерімен сауда-саттығының 80 пайыздан астамы сіздердің елдеріңізге тиесілі», - деді ол.