«Алтынкөл» кеден бекетінің қызметкерлері ҚР ҰҚК ШҚ-мен бірлесіп, Алматы облысындағы «Қорғас» ШЫХО бақылау өткізу пунктінде 1969 жылы туған ҚХР азаматын ұстады. Тінту кезінде азаматтан декларацияланбаған жалпы сомасы 10 438 185 теңгені құрайтын қолма-қол ақша табылды» делінген хабарламада.
Құқық бұзушы ҚР ӘҚБтК 551-бабының 3-бөлігі бойынша әкімшілік жауапқа тартылды.