Қазақстаннан 325 босқын пана тапқан
Бүгінгі күнде Қазақстанда 5 елден келген 325 босқын тұрады, деп хабарлайды Kazinform.
Республика аумағын паналаған барлық шетелдіктер Қазақстанның босқындарға қатысты халықаралық қоғамдастық алдындағы міндеттемелеріне сәйкес мемлекет тарапынан қорғаумен және қолдаумен қамтамасыз етілген.
«1998 жылғы 15 желтоқсанда Қазақстан БҰҰ-ның 1951 жылғы „Босқындар мәртебесі туралы“ конвенциясына (бұдан әрі — Конвенция) ресми түрде қосылып, өзіне белгілі бір міндеттемелер алды.
Қазіргі уақытта республикада Ауғанстан, Украина, Өзбекстан, Сирия және ҚХР-дан келген 325 босқын тұрады. Олар елден шығарылмау бойынша қорғалған», — деп жазды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінен.
Босқындармен жұмыс жөніндегі халықаралық міндеттемелерді орындау аясында ведомство жанында ұлттық заңнама нормаларын Конвенция ережелерімен имплементациялау жөніндегі жұмыс тобы жұмыс істейді.