Қазақстаннан 600 мыңнан астам темекі қораптарын заңсыз алып өтпек болды

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан шекарасынан 600 мыңнан астам темекі қораптарын заңсыз алып өтпек болғандар ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Қаржы министрлігінің Кірістер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөзмәліметтеріне қарағанда, акциздікмаркалары мен құжаттары жоқ темекі қораптары автокөлікті тексеру кезіндеқарбыздың астынан табылды.

«Жайсан» шекараавтобекетінде Ақтөбе облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментініңқызметкерлері мемлекеттік шекарадан өткен Volvo маркалы автокөлігіне тексеружүргізді. Автокөлікті тексеру кезінде ондағы қарбыздың астынан акциздікмаркалары мен іліспе құжаттары жоқ 612 500 қорап темекі табылды. Осы фактбойынша барлық материалдар ҚР Қылмыстық Кодексінің 233, 234 баптарына сәйкесАқтөбе облысы бойынша экономикалық тергеу департаментіне берілді»,-делінгенхабарламада.

Соңғы жаңалықтар