Осы жұмыс аясында Америка Құрама Штаттарының Мемлекеттік департаментінде (Вашингтон қаласында) қос тараптың қатысуымен келіссөздер өткізілді.
Келіссөз барысында тікелей әуе қатынасын ашу, сондай-ақ оны жүзеге асырудың нормативтік-құқықтық базасын әзірлеу мәселелері талқыланды. Кездесу қорытындысы бойынша тараптар осы бағыттағы жұмысты жалғастыруға келісті.