Қазақстаннан Әзербайжанға астық тасымалына жеңілдік енгізілді

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Ресей темір жолы» ААҚ (РТЖ) инвентарлық парк вагондары арқылы Қазақстаннан Қиғаш ( ресей-қазақстан шекарасы) -Самур (ресей-зербайжан шекарасы) маршруты бойынша транзиттік астық тасымалына 45 проценттік жеңілдік енгізді, деп хабарлайды trend.az.

Бұл туралы РТЖ-Партнер басылымы  ААҚ басқармасы отырысының хаттамасына сілтеме жасап жазады.

ТМД елдері темір жолдарының  халықаралық жүк тасымалы  тарифтік саясаты мөлшерлемесіне енгізілген бұл өзгеріс 1 наурыздан бастап 2018 жылдың 31 желтоқсанына дейін күшінде болады.

Фото: logsoft.kz