Қарулы Күштер өкілдері жауапкершілік Қазақстан бітімгер ротасына жүктелген аумақтағы ахуалмен, қазақстандық бітімгерлердің моральдық-психологиялық жағдайымен танысып, қару-жарақ, оқ-дәрі және тасып шығарылған мүліктердің жай-күйін тексерді, бөлімшелерді ротациялау мәселелерін айқындады.
Айта кетейік, үш жарым айдан бері Қазақстан бітімгер полкінің құрама бітімгер ротасының 120 әскери қызметшісі «БҰҰ-ның Ливандағы уақытша күштері» миссиясының үнді батальонының құрамында БҰҰ мандатына сәйкес, өңірдегі бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау міндеттерін сәтті орындап жатыр.