Осылайша Софиядағы «Странджа» халықаралық турнирінің финалында Қазақстанның ерлер құрамасынан бір ғана спортшы сынға түседі.
Жартылай финалда 57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Оразбек Асылқұлов армян спортшысы Артур Базеянды 3:2 есебімен жеңді.
Асылқұлов турнирде финалға жеткен жалғыз қазақстандық боксшы болды.
Сондай-ақ, финалға шығу үшін 75 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Нұрқанат Райыс барын салды.
Алайда ол болгар боксшысы Киван Рамиден 1:4 есебімен жеңіліп қалды.
Еске салсақ, бұдан бұрын қазақстандық екі боксшы жартылай финалға шыққан еді.
Аталған турнирге ел құрамасынан барлығы 13 боксшы барған.