Халықаралық теннис федерациясы (ITF) жасөспірімдер арасында жаңартылған әлемдік рейтингті жария етті, деп хабарлайды Kazinform агенттігі.
Қазақстан теннис федерациясынан мәлім еткендей, Әмір Омарханов пен Асылжан Арыстанбекова әлемдегі ТОП-100-дің қатарына кірді.
Оңтүстік Кореядағы ITF Juniors J300 турнирінде жеңімпаз атанған Ә.Омарханов бірден 100 сатыға көтеріліп, қазір 100-орында тұр.
Асылжан Арыстанбекова 101-ден 88-ге жоғарылады.
Сондай-ақ Айя Нұпбай 195-тен 159-ға шықты.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын қазақстандық жас теннисшінің Оңтүстік Кореядағы жарыстың жеңімпазы атанғанын жазған едік.
Александр Недовесов Шанхай мастерс турнирінің ширек финалына шыға алмады.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).