Екі елдің үкіметтері деңгейінде жүргізілген келіссөздер нәтижесінде қазақстандық газды Қырғызстанға төмендетілген бағамен жеткізу туралы шешім қабылданды. Осыған орай Қырғыз Республикасының үкіметі елдің тұтынушылары үшін табиғи газдың тарифтерін төмендету туралы шешім қабылдады.
19:19, 29 Қыркүйек 2011
Қазақстаннан газ жеткізу қырғызстандықтар үшін тарифтерді азайтуға мүмкіндік береді
БІШКЕК. 29 қыркүйек. ҚазАқпарат /Арнұр Рахымбеков/ - Қырғыз Республикасының үкіметі Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметіне газды төмен бағамен жеткізу туралы шешіміне алғыс білдіріп отыр. Бұл туралы көрші республика үкіметінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада айтылыпты.