Қазақстаннан келген кадет грек-рим күресі бойынша халықаралық турнирдің жеңімпазы атанды

БІШКЕК. Маусымның 30-ы. ҚазАқпарат /Владимир Добровольский/ - Қазақстаннан келген жас балуан Әбез Азат Шолпанатада өткен грек-рим күресі бойынша халықаралық турнирде алтын медальды жеңіп алды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұйымдастырушылардың ақпараты бойынша кадеттердің (1993-1995 жылдары туғандар) жарыстарына үш салмақ санаты бойынша Қырғызстанның және Қазақстанның жас балуандары қатысты. Ә.Азат табысқа жеткен жалғыз қазақстандық болды.