Қазақстаннан шетелге заңсыз шығарылған қаржыны қайтару жеңілдеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгінде шетелдеге заңсыз шығарылған 56 млн. доллар сомасындағы қаржы тосқауылданды. Бұл туралы бүгін алқа мәжілісінде ҚР Бас прокурорының орынбасары Андрей Кравченко мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Келесі жоба шетелде жинақталған қылмыстық активтерді іздестіру мен қайтару бойынша жұмыс алгоритмін түпкілікті жақсарта алады. Кез келген ел үшін бұл мәселе өзекті. Осы орайда келтірілген залал көлемі миллиардтаған доллармен есептеледі. Бұл тұрғыда бізге БҰҰ-дан, Дүниежүзілік банктен, Италиядан, Ливадан, Израильден, АҚШ-тан, Ұлыбританиядан сарапшылар көмектесуде», - деп тоқталды Кравченко.

Оның сөзіне қарағанда, осы бағытта сарапшылармен бірге активтерге жедел тосқауыл қойып, елге қайтару бойынша 186 тергеуші мен прокурорлар оқытылған көрінеді.

«Бүгінде шетелде 56 млн доллар сомасындағы қаржы тосқауылданды. Екіншіден, 10 ұлттық жаттықтырушыны даярлықтан өткіздік, олар өз кезегінде тәжірибелерін басқа прокурорлар мен тергеушілерге үйретеді. Үшіншіден, активтерді қайтару тұрғысында ақпарат алмасу бойынша әлемдік желілерге қосылдық», - деді Бас прокурордың орынбасары.