Еске салайық, жиын барысында тұтынушы өнімдерін техникалық реттеу мәселелері талқыланған болатын.
«Техникалық реттеуге жататын мәселелер бүгінгі күні Кеден одағы аясында да өзекті бола түсті. Бірінші кезекте біздің Одақ аясындағы әріптестеріміз тауарлардың рынокқа енуіне қарсы тарифтік емес шектеулерді енгізіп жатыр. Біз қазір «Россельхознадзор» тарапынан Қазақстаннан келетін сүттерге қатысты қызу талқылау жүргізіліп жатқанын білеміз. Расында, біздің ресейлік әріптестерімізді қазақстандық сүт импорты «қорқытып» жатыр. Соған орай, олардың тарапынан Қазақстаннан сүт жеткізуге негізсіз шектеулер қойылуы мүмкін деп ойлап отырмыз», - деді Р.Ошақбаев.
Тоқтала кететін жайт, өткен жолы ғана Ресей Қазақстанның екі компаниясына ет әкелуге тыйым салған.
«Расында да бұл Ресей өз аумағынан азық-түлік тауарларының транзитін тікелей немесе жанама түрде шектей беретінін білдіреді. Ендеше бұл мәселе шындығында да құқықтық бағалауға алынып, уәкілетті органдар тарапынан қандай да жауапты қадамдар жасалуы шарт», - деді ҰКП өкілі.