Қазақстаннан тарихи отандарына оралған этностар Елбасын зор қошеметпен қарсы алады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Тұңғыш Президенті кітапханасында Алғыс айту күніне арналған іс-шара барысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстаннан тарихи отандарына оралған этностар өзін зор қошеметпен қарсы алатындығын айтты.

«Көпшілігі зорлықпен қоныс аударылды. Кейінірек, заман түзелгеннен кейін олар өздерінің тарихи отандарына оралды. Олардың барлығының да Қазақстанға алғысы шексіз. Олар бұл жер өздерін құтқарғанын айтады. Тель-Авивке барғанымда адамдар мен қонақ үй алдынан шеруге шыққандай қарсы алды. Бұл не, деп түсінбей қалған едік. Сөйтсек, өз отандарына оралған біздің еврейлер екен, алғыстарын білдірді. Германияға барсаң ол жақта да біздің немістер осылай істейді. Поляктар да, кавказдықтар да. Яғни, бұл алғыс, бұл қайырымды ниеттестік біздің көпэтносты Қазақстанымыздың мәртебесін биіктетеді және бізде тұрақтылық орнаған әрі гүлдену үстіндеміз», - деді Н.Назарбаев.

ҚР Президенті сол қиын-қыстау заманда өзінің жоқшылықта өмір сүргеніне қарамастан барлық қазақ отбасылары жер аударылғандардың отбасыларын қабылдағанын баса айтты.

«Олардың бірі менің де отбасымда болды. Ауылдың 2 бөлмелі үйінде тұрып жатқан бесеуміздің үстімізге тағы 5 адамды қабылдап, солармен бірге қыстан шығуға, өмір сүруге тура келді», - деді Мемлекет басшысы.