«Somon Air» тәжік әуекомпаниясы 2022 жылдың 25 сәуірінен бастап Душанбеден Алматы қаласына халықаралық рейстердің санын Б737 типті әуе кемелерінде аптасына 1 рейстен 2 рейске дейін арттыруды жоспарлап отыр. Сондай-ақ қазақстандық «Эйр Астана» әуекомпаниясы 1 мамырдан бастап Душанбе және Алматы қалалары арасындағы рейстер санын аптасына 1 рейстен 3 рейске дейін және 1 маусымнан А320 үлгісіндегі әуе кемелерінде аптасына 3 рейстен 4 рейске дейін арттырмақ. Осылайша, елдер арасындағы рейстердің жалпы саны аптасына 6 рейске жетеді», - делінген министрлік хабарламасында.
09:33, 20 Сәуір 2022
Қазақстаннан Тәжікстанға ұшатын рейстер саны өседі
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат –Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы тұрақты жолаушылар рейс саны өседі, деп хабарлайды ҚазАқпарат ИИДМ сілтеме жасап.