Қазақстаннан темекі партиясын заңсыз алып кетпек болған ресейліктер ұсталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Шекарада Қазақстаннан Ресейге темекінің ірі партиясын заңсыз шығармақ болған Ресейдің екі азаматы ұсталды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА ҚР ҰҚК Шекара қызметіне сілтеме жасап.

«Семей» жеке бақылау-өткізу бекетіне қарасты «Үбі авто» өткізу бекетінің жасағы Ресей Федерациясының екі азаматын ұстады. Олар «FAST» маркалы темекі өнімдері тиелген «ГАЗ» автомобилімен бара жатқан», - делінген хабарламада.

Көлікті тексеру кезінде рұқсат қағаздары мен акциздік маркасы жоқ 100 қорап темекі өнімі табылды. Әрбір қорапта 50 блок темекі болған.

Бұл туралы тиісті органдарға хабар берілді.