«Шетелде шамамен 65 сайлау учаскесі ашылған. Олар: Еуропада, Америкада, Азияда. Әрине, біз барлық елді қамти алмадық. Дегенмен, Қазақстан азаматы сайлау күні шетелде болатын болса, онда олар сайлау учаскесіне келіп, жеке куәлігін көрсету арқылы дауыс бере алады. Меніңше, оларға дауыс беру құқықтарын жүзеге асыруға мүмкіндіктері бар. Оларға да бюллетендер беріледі», - деді Б.Мелдешев «ҚазАқпарат» тілшісіне берген сұхбатында.
Айта кетейік, елімізде тысқары аумақта шамамен 20-30 мың қазақстандық азамат бар. Олар 26 сәуір күні елімізде өтетін кезектен тыс Президент сайлауында кандидаттарға өз дауыстарын бере алады.